Елорда жаңалықтары

Елордада «Астана – есірткісіз қала!» веложарысы өтеді

Астанада нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында полиция департаменті қызметкерлерінің, спорт секциялары мен ҮЕҰ жастар қозғалыстары өкілдерінің, сондай-ақ барлық ниет білдірушілердің қатысуымен веложарыс өтеді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, 9 маусым күні сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін Тұран даңғылындағы «Қазақстан күні» монументі мекенжайында «Астана – есірткісіз қала!» ұранымен веложарыс өткізу жоспарлануда.

Велоколонаның қозғалыс бағыты келесі бағыт бойынша өтеді:
- Старт - Тұран даңғылы мәдениет және демалыс саябағынан – «Казахстан күні» монументі - Қорғалжын тас жолына дейін оңға бұрылу Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті.
- Мәре - Тұран даңғылы мәдениет және демалыс саябағы – «Казахстан күні» монументі.

Спорттық іс-шара психоактивті заттарды тұтынбай, жастардың бос уақытын әртараптандыру, есірткі қылмысына, өскелең ұрпақ арасында қаңғыбастыққа қарсы іс-қимыл, салауатты өмір салтын насихаттау, Қазақстанда бұқаралық спорт пен шығармашылықты насихаттау және дамыту үшін өткізіледі.

Қатысушылар спорттық киіммен (ақ жейде және қара шалбар), спорттық жабдықтарымен (велосипедпен) велосипедпен жүруі керек.
Қатысушыларды тіркеу 9 маусымда сағат 7:30-да басталады.

Айта кетейік, веложарыс «есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың», сондай-ақ Нашақорлыққа қарсы күрес күнін мерекелеуге арналған «айлықтың» тармақтарын іске асыру шеңберінде өткізіледі.

-->