Елордада «Арулар – Асыл жандар» атты мерекелік басқосу өтті
Астанада 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы мен қалалық «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Арулар – Асыл жандар» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Elorda.info елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әйелге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға көпбалалы және қиын өмірлік жағдайларға тап болған аналар қатысты.
Мерекелік жиынға қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы қатысып, әйелдерге бала тәрбиесі туралы түсіндірді.
Елордалық көпбалалы ана Бақтыгүл Асылбекова «Жанұя» орталығына қаңтар айында жүгінген. Оның сөзінше, мұндай іс—шаралар әйелдерге түрлі кеңес беріп, отбасын сақтап қалуға септігін тигізеді.
Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен аяқталды.
Айта кетейік, орталық көп балалы, толық емес, жағдайы төмен отбасыларға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға кешенді кеңес беру қызметтерін көрсетеді. Сонымен қатар отбасы институтын нығайтуға бағытталған шараларды ұйымдастырады.
-->Әйелге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға көпбалалы және қиын өмірлік жағдайларға тап болған аналар қатысты.
Мерекелік жиынға қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы қатысып, әйелдерге бала тәрбиесі туралы түсіндірді.
Бала керемет болу үшін не керек? Әрине ол махаббат пен мейірім. Ата-аналар кем дегенде баланы күніне 8-12 рет құшақтап сүю керек, сөйлесіп ашық сұхбаттасу қажет,- дейді Оразкүл Асанғазықызы.
Елордалық көпбалалы ана Бақтыгүл Асылбекова «Жанұя» орталығына қаңтар айында жүгінген. Оның сөзінше, мұндай іс—шаралар әйелдерге түрлі кеңес беріп, отбасын сақтап қалуға септігін тигізеді.
Бүгін өткен іс-шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Әсірессе Оразкүл апайға алғысым шексіз. Отбасылық өмірдегі қиындықтарға тоқталып, өз ақыл-кеңесін айтты. Осы орталыққа келгенге дейін менде ажырасу туралы ой болды. Қазір көзқарасым өзгеріп, өмірімді басқаша жалғастырғым келеді. Орталық қызметкерлеріне алғысым шексіз,- дейді көпбалалы ана.