Елорда жаңалықтары

Елордада ардагерлер арасында волейболдан республикалық турнир басталды

Бүгін ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дүйсенбай Тұрғановтың құрметіне волейболдан дәстүрлі республикалық турнир басталды, деп хабарлады Elorda.info.

08-03-7.jpg

Турнирге Астана, Шымкент, Алматы қаласы, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Абай, Алматы, Ақтөбе, Павлодар облыстарынан 26 команда қатысып жатыр. 

08-03-8.jpg

Айтулы жарыстың ашылу салтанатына арнайы қонақ ретінде Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, Алматы облысының экс-әкімі Амандық Батталов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысты. 

Турнирде +45 және +60 жастар санаты бойынша жеңімпаздар анықталады. 

08-03-9.jpg

Айта кетейік, турнир 9 наурыз күні аяқталады.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

-->

2019 жылы республикалық ардагерлер волейбол федерациясын құрдық. Басты мақсатымыз — жастарға үлгі болу және жасы үлкен азаматтарға салауатты өмір салтын насихаттау. Турниріміздегі ең жас ойыншысы 45-те, ал ең егдесі — 80-де. Бұл керемет мотивация. Ардагерлердің спортпен айналысқанын көріп, олардың балалары, немерелері де дұрыс бағытты ұстанады деп ойлаймын. 5-ші мәрте ұйымдастырылып жатқан жарыста өткен жылға  қарағанда командалардың саны артып отыр. Халықаралық әйелдер мерекесіне тұспа-тұс келген турнирде шын мықтылар жеңеді деген сенімдемін, -  деді Ардагерлер федерациясының президенті Әсет Әділхан. 

Турнирде +45 және +60 жастар санаты бойынша жеңімпаздар анықталады. 

08-03-9.jpg

Бұл – еліміздегі ең беделді додалардың бірі саналады. Біз секілді азаматтарды ескеріп, ардагерлер арасында жарыстар өткізіліп жатқанына өте ризамын. Айтулы жарыста жақсы өнер көрсету үшін, аптасына тұрақты 2 мәрте дайындалдық. Фавориттердің қатарына Ақтөбе, Абай, Алматы облыстарын айтар едім. Дегенмен, бізде қолдан келгенімізше жүлдегерлердің қатарына кіруге саламыз, - деп  Астана қаласының команда мүшесі Дулат Халилин пікірін білдірді. 

Айта кетейік, турнир 9 наурыз күні аяқталады.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ