Елорда жаңалықтары

Елордада қар тазалауға 700-ден астам арнайы техника шықты

Астанадан бір түнде 32 мың текше метр қар шығарылды, деп хабарлады Elorda.info.

Айта кетейік, қыс басынан бері полигондарға шығарылған қар көлемі барлығы 439,7 мың рейс 5,9 млн текше метрден асады. 

-->

7 наурыздан 8 наурызға қараған түні қала бойынша 550-ден астам жол жұмысшысы мен 700-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Ал 7 наурыз күні қаладан 2,4 мыңға жуық ауыр жүк көлік рейсі арқылы полигондарға 32,2 мың текше метр қар шығарылды, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, қыс басынан бері полигондарға шығарылған қар көлемі барлығы 439,7 мың рейс 5,9 млн текше метрден асады.