Елордада қар күреуге 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты

Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға төрт млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл шамамен 300 мың ауыр жүк көлеміне тең.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 8-9 ақпан күндері Астанада қарлы боран, көктайғақ болады. Оңтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с, кейде – 23-28 м/с.
Дауылды ескертуге байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын мамандардың ұсынымдарын ескеруге, сақ болуға, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауға шақырады.
-->8 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмысына 2,4 мыңнан астам жол жұмысшы және 1,6 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.
Өткен түнде қаладан төрт мыңға жуық рейс арқылы 55 мың текше метрден астам қар шығарылды, - делінген елорда әкімдігінің ақпаратында.