Елордалық ғалымдар егемендік деклорациясының маңыздылығын талқылады
Елордада Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Шежірелі тарих белестері» атты ғылыми-танымдық дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Дөңгелек үстелге Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ғалым-профессорлары, Мемлекет тарихы институтының ғалымдары докторанттар мен магистранттар, сондай-ақ, студенттер қатысты.
Жиын басында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Болдықов дөңгелек үстелге қатысушыларды алда келе жатқан 25 қазан – Республика күнімен құттықтады.
Ғалымдар жастарға Республика күні мен Қазақстанның егемендігі туралы деклорацияның маңыздылығы туралы айтып өтті.
Іс-шара аясында «Қазақ елі - менің Отаным» атты көрме өткізілді.
-->

Бұл күндері байтақ еліміздің кез келген жерінде ұлттық мерекемізге орай іс-шаралар өтіп жатыр. Ол заңды да. Біздің мерекелеріміздің ішіндегі ең ұлық мереке - біздің тұңғыш Егемендік туралы деклорациямыздың қабылданған күні. Қай мемлекет, қай ел болсын, ең ұлықтар мерекесі, бұл – Республика күні. Адам да, қоғам да егемендікті армандайды. Деклорациямыз қабылданған күннен бастап қазақ халқының 300 жыл бойы зарыға күткен арманы орындалды. Бұл құжат қым-қиғаш, алуан түрлі пікір таластардан қабылданды. Оны қабылдау кезінде ұлтымыздың санының аздығы, сайланған депутатардың да мардымсыздығы, тағы басқа жағдайлар кедергілер туғызды. Соған қарамастан, тәуелсіздігіміз үлкен қиыншылықпен қабылданды. Тәуелсіздік деклорациясының қабылдануына үлкен үлес қосқан ай мүйізді асылдарымыз еді. Олар Ерік Асанбаев, Сұлтан Сартаев, Салық Зиманов, Ғайрат Сапарғалиев, Әбіш Кекілбаев сияқты академиктер мен ұлтымыздың ұлы тұлғалары болатын. Олар сол кездегі Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің мінберіне қайт-қайта көтеріліп сөз сөйлеп, заңның дұрыс қабылдануына өлшеусіз үлес қосты. Бұл құжат Кеңес дәуірінің дүрілдеп тұрған, Қазақстанның әлі дербестігін ала қоймаған кезі еді, - деді мемлекет және қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбайұлы.
Жиынға қатысқан өзге ғалымдар да Республика күні мерекесінің маңыздылығына тоқталып, ойларын ортаға салды.
Іс-шара аясында «Қазақ елі - менің Отаным» атты көрме өткізілді.