Елордада академик Қаныш Сәтбаевтың музейі ашылды (ФОТО)
Бүгін елордада қазақтың біртуар азаматы, алғашқы академик Қаныш Сәтбаевтың алғашқы музейі ашылды. Қазақтың Қанышы туралы енді Астана әкімдігінің ғалым аттас №61 мектеп-лицейіндегі мұражай сыр шертіп тұратын болады, деп хабарлады Elorda.info.
Музейдің ашылуына байланысты іс-шараға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық Сәтбаев қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Алтынбек Нұхұлы, Парламент Мәжілісінің депутаты Жарқынбек Амантайұлы, Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевтер қатысты.
Жиынның шымылдығы Қазақтың тұңғыш антропологі, академик Оразақ Смағұловтың видео-құттықтауымен ашылды.
Алғаш сөз алған Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев:
Ал ғалымның елі үшін атқарған өлшеусіз еңбегі туралы Алтынбек Нұхұлы баяндады.
Бұдан соң музейдің салтанатты түрде лентасын қию рәсімі өтіп, жиналғандар ғалымның өмірі мен еңбек жолы және минералдар топтамасы қойылған залдарды тамашалады.
Салтанат МҰРАТҚЫЗЫ
-->Бүгін елордада қазақтың біртуар азаматы, алғашқы академик Қаныш Сәтбаевтың алғашқы музейі ашылды. Қазақтың Қанышы туралы енді Астана әкімдігінің ғалым аттас №61 мектеп-лицейіндегі мұражай сыр шертіп тұратын болады, деп хабарлады Elorda.info.
Музейдің ашылуына байланысты іс-шараға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық Сәтбаев қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Алтынбек Нұхұлы, Парламент Мәжілісінің депутаты Жарқынбек Амантайұлы, Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевтер қатысты.
Жиынның шымылдығы Қазақтың тұңғыш антропологі, академик Оразақ Смағұловтың видео-құттықтауымен ашылды.
Алғаш сөз алған Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев:
Жалпы, бұл жай ғана музей болып қалмауы керек, тек көріп, тамашалап шығатын. Бұл жас ұрпаққа тұлғалы азамат болуы үшін, еліне, жеріне қызмет етуі үшін қандай болмақ керек екенін көрсететін, үлгі аларлықтай рухани орталыққа айналуын тілер едім, - деді.