Елордада “Ақылды қала” жобасы іске қосылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамытуға арналған жиында Үкімет пен Астана әкімдігінің елордада «Ақылды қала» ауқымды жобасын жүзеге асыру бойынша нәтижелі жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Жобаны ресми түрде іске қосу желтоқсан айына жоспарланған.
«Президент бұл тәжірибені Қазақстанның барлық ірі қалаларына таратуды міндеттеді. Сонымен қатар елімізде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту айрықша маңызға ие екенін ескере отырып, Үкіметті формализмнен аулақ болуға шақырды», - дейді Желдібай.