Елорда жаңалықтары

Астанада 900-ден астам түрлі контент бұғатталды

Бұл туралы Астана қаласы Коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте қалалық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Дастан Қалиев айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Интернет-алаяқтықтың алдын алуда, қажетті және пайдалы ақпаратты тарату бөлігінде маңызды рөлді блогерлер, медиа тұлғалар, сондай-ақ кәсіпкерлер мен еріктілер қозғалыстары атқарады.

«Кеңірек хабардар болу үшін республикалық теле-радиоарналарда, жаңалықтар порталдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ескерту сипатындағы материалдарды жариялау және тарату жүзеге асырылады.

Заңсыз контентті анықтау мақсатында интернет желісіне мониторинг жүргізіледі, жалған хабарландырулар, алаяқтардың аккаунттары және басқа да заңсыз сайттар бұғатталады. Көрсетілген кезеңде 900-ден астам түрлі мазмұн бұғаттауға бағытталған»,- деді Криминалдық полиция басқармасының бастығы Дастан Қалиев.