Елордада 8-9 ақпанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Астанада 8-9 ақпан күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Онда Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылатын болады.
Қала тұрғындары мен қонақтары жеміс-жидек пен көкеніс, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырын, жем және т.б. сатып ала алады.
Іс-шаралар Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша Koktal сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Айта кетейік, жәрмеңке әр демалыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.