Елордада 50 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды
Елордада 50 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды
Бүгін AMANAT партиясы Астана қалалық филиалы депутаттық фракциясының бірінші жиналысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Отырысқа AMANAT партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сақтаған Сәдуақасов, Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов, Астана қаласы мәслихатындағы AMANAT партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Ғабит Тәжімұратов, елордалық мәслихат депутаттары мен Астана қаласы Құрылыс, Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Отын-энергетиқалық кешені және коммуналдық шаруашылығы басқармаларының басшылары қатысты.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 7 нысанда (22 үй) 3,6 мыңға жуық үлескерге пәтерлер кілті берілді. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы адамдар үшін жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 132 грант мақұлданды.
Денсаулық сақтау саласында биологиялық және медициналық қалдықтарды кәдеге жаратумен патологиялық-анатомиялық бюро салынды, 3 қалалық емханаға, № 1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы ғимаратының инженерлік желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді.
Сондай-ақ қалада 31 қоғамдық кеңістік салынып, 137 аула абаттандырылды.
-->Бүгін AMANAT партиясы Астана қалалық филиалы депутаттық фракциясының бірінші жиналысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Отырысқа AMANAT партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сақтаған Сәдуақасов, Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов, Астана қаласы мәслихатындағы AMANAT партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Ғабит Тәжімұратов, елордалық мәслихат депутаттары мен Астана қаласы Құрылыс, Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Отын-энергетиқалық кешені және коммуналдық шаруашылығы басқармаларының басшылары қатысты.
Жол картасын орындау аясында 2023 жылы 51 806 жаңа жұмыс орны құрылып, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 17 нысан пайдалануға берілді. Мұқтаж азаматтарды жалдамалы және кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 1 416 пәтер берілді, оның ішінде жастар үшін 500 пәтер сатып алынды. 26 көппәтерлі тұрғын үйге және 30 лифтке жөндеу жүргізілді, - деді Сақтаған Сәдуақасов.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 7 нысанда (22 үй) 3,6 мыңға жуық үлескерге пәтерлер кілті берілді. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы адамдар үшін жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 132 грант мақұлданды.
Денсаулық сақтау саласында биологиялық және медициналық қалдықтарды кәдеге жаратумен патологиялық-анатомиялық бюро салынды, 3 қалалық емханаға, № 1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы ғимаратының инженерлік желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді.
ЖЭО-3 бірінші кезегінің құрылысы аяқталды, сондай-ақ Family Village тұрғын үй кешенінде 3,6 км және Шұбар тұрғын ауданында 1,2 км қоса алғанда, 96 км газ тарату желілері салынды. Табиғи газға көшу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарынан 442 отбасы дотациямен қамтамасыз етілді, 170 мың ХӘОТ үшін қоғамдық көлікте тегін жол жүру сақталды, 1 516 адамды қамти отырып, кәсіпкерлікті дамыту және кәсіптік даярлау үшін семинарлар өткізілді. Әлеуметтік қолдау шараларымен 7 107 отбасы қамтылды, - деді AMANAT партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы.
Сондай-ақ қалада 31 қоғамдық кеңістік салынып, 137 аула абаттандырылды.
Біздің алдымызда биыл да үлкен міндеттер мен партияның сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша ауқымды жұмыстар тұр. Депутаттық фракция 2024 жылға арналған жоспарлардың орындалуын бақылауға алуы керек, - деді Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы.