Елорда жаңалықтары

Елордада 4 автобус жәрмеңке өтетін «Қазанат» ипподромы арқылы жүретін болады

Астаналықтар ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтетін орынға қоғамдық көлікпен жете алады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«21 қыркүйек пен 27 қазан аралығында, сенбі және жексенбі күндері №№ 18, 37, 303, 323 бағдарлары апта сайын өткізілетін ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтетін «Қазанат» ипподромы арқылы жүреді», - деді «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі.