Елордада 24 учаскеде жарықтандыру жұмыстары жүргізілді
Байқоңыр ауданында жарықтандыру бойынша ауқымды жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бүгінгі күні осыған дейін жарықтандыру жұмыстары жүргізілмеген, сондай-ақ, қосымша жарықтандыру жұмыстарын қажет ететін 24 учаскеде жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
«Жарықтандыру барысында 24 учаскеде 34 жарықтандыру тіректері, 87 жарық аспаптары орнатылды.
Сонымен қатар, жеке қабылдауда және көшпелі аралауда болған тұрғындардың өтініштері аясында жарықтандыру жұмыстары жүргізілді», - деп жазды Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді.
Аталған бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.