Елорда жаңалықтары

Елордада 200-ден астам отбасы әлеуметтік көмек рәсімдеді

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Тұрақты комиссия депутаттарының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жағдайы туралы   брифинг өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Комиссияның жұмысы туралы  Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты негізде жұмыс істейтін тұрақты комиссиясының төрағасы Кендебай Адамбеков айтып берді.

VIII шақырылым депутаттары өз жұмысына 1 сәуірден бастап кіріскен. Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға 8 депутат кіреді. Олардың жетеуі «Аманат» партиясының мүшелері, біреуі «Ақжол» партиясының  өкілі. Бір мандатты округ бойынша  3 депутат, партиялық тізім бойынша 5 депутат қамтылған. 

Осы жылдың сәуір айынан бастап тұрақты комиссияда 20-дан астам отырыс өткізілді, оның ішінде жоспарлы, қоғамдық тыңдаулар мен көшпелі жиналыстар да қамтылған. 

Тұрақты комиссияның барлық мүшелері комиссия қызметіне және мәслихаттың басқа органдарына белсенді және нәтижелі қатысады. Олар бекітілген өз округтерінің тұрғындарымен тұрақты байланыста, сайлаушылардың оларға келіп түскен өтініштерін қарайды,  азамат-тарды тұрақты жеке қабылдауды жүргізеді.Тұрақты комиссия алдағы жылдарға арналған Астана бюджетін дайындауға және бекітуге бағытталған, бұл комиссия қызметіндегі басымдықтардың бірі болып табылады,- дейді Кендебай Адамбеков.

2023 жылға арналған бюджетті соңғы нақтылау кезінде жетім балаларға, көпбалалы отбасыларға пәтерлер сатып алуға, Төтенше жағдайлар департаменті үшін арнайы жабдықтар сатып алуға, мүмкін болатын төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында мектептерді күрделі жөндеуге, тұрғын алаптарды дамытуға және тағы сол сияқты жағдайларға бюджет қаражатын жұмсаудың басымдығына қатысты ұсыныстар енгізілді.

13 маусымдағы жағдай бойынша 16 665 жаңа жұмыс орны құрылды, құрылыс саласында - 568, өнеркәсіп саласында - 372, саудада - 5 603, денсаулық сақтауда - 860, білім беруде - 788, транспорт және қоймалауда - 733, басқа да түрлерде - 4 313, ауыл, орман және балық шаруашылығында -175, уақытша - 3 253. Оның ішінде шағын және орта бизнес саласында -14 128 адам жұмыс орнымен қамтылған. 

Кендебай Адамбековтің сөзінше, биыл әлеуметтік көмекті 205 отбасы  рәсімдеген. Қоғамдық жұмыстарға 792 жастар жіберілді.

Тұрақты комиссия жыл сайын Астана бюджетінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды дайындайды.Тұрақты комиссияның барлық отырыстары ашық және көпшілікке қолжетімді. Мәслихаттың іс-шараларын әлеуметтік желіде, яғни Фейсбук қосымшасы арқылы, оның ішінде тұрақты комиссияның отырыстарын тікелей эфирде бақылап, қарастырылатын мәселелер бойынша ақпарат алуға болады,- деді К.Адамбеков.