Елорда жаңалықтары

Елордада 20 аула клубы жұмыс істейді

Астанада 8 жылдан бері балалар мен жасөспірімдердің тұрғылықты жері бойынша бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған «Аула клубтары» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылып келеді, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ аула клубтарын дамыту бөлімінің маманы Жангүл Қамбардың сөзінше, қала аумағында 20 аула клубы тұрақты жұмыс істейді.

Жалпы елордадағы аула клубтарында 130 үйірме бар. Оның ішінде 74 спорт секциясы мен 56 шығармашылық бағыттағы үйірмелер. Алдағы уақытта қаланың шеткі аумақтарында аула клубтарын ашу мақсаты көзделіп отыр.

-->

Аула клубтары қызметінің негізгі мақсаты бұқаралық спортқа, шығармашылық үйірмелерге тарту, сондай-ақ өмірлік қажетті дағдыларды үйрету арқылы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан жастардың өмір сүру сапасын арттыру болып табылады.  Үйірмелер мен аула клубтарының секцияларына қатысу тегін.  Елорданың 5 ауданы бойынша 3500-ге жуық тәрбиеленуші қатысады. Оның ішінде Алматы ауданында – 6 («Қыран», «Темірлан», «Жас қанат», «Tahtay», «Мирас», «Армандастар-2»), Байқоңыр ауданында – 5 («Бәйтерек», «Астана», «Береке», «Береке-спорт», «Шымыр»), Сарыарқа ауданында – 5 («Жас барыс», «Динамо», «ProFit», «Батыр», «Дүкенұлы»), Есіл ауданында – 2 («Interpro» және «Ақжол») және Нұра ауданында – 1 («Үркер»). Тәрбиеленушілер өзіне ұнайтын үйірмеге қатысып, одан бөлек, осы бағытта түрлі жарыстарға қатысып бақ сынай алады,- дейді Жангүл Қамбар.