Елорда жаңалықтары

Елордада 2 600-ден астам жұмысшы қар күреуге жұмылдырылды

Астананың коммуналдық қызметтері қыс мезгілі басталғалы тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

7 ақпанда күндізгі ауысымда қар күреу жұмысына 2 640 жол жұмысшысы және 1 600-ден астам арнайы техника шықты.

7 ақпанға қараған түні елордадан қар полигондарына 3 066 рейспен 41 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қыс мезгілі басталғалы қаладан 5,2 млн текше метрден астам қар 428 495 ауыр жүк рейсімен шығарылды.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, онда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Астанадан қыс басталғалы 5 миллион текше метрден астам қар шығарылды.