Елорда жаңалықтары

Елордада 130 млн теңге жымқырған мектеп есепшілері сотталды

Елорда прокуратурасы мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Тексеріс барысында 7 жыл бойы жоқ мектеп қызметкерлеріне заңсыз жалақы мен сыйақылар аударылғаны белгілі болды.

Үкім заңды күшіне енді.

-->

Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 млн. теңгеден асады.  Тергеу барысында мектеп қызметкерлері өз кінәларын толық мойындады. Сот үкімімен кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Сотталғандар келтірілген материалдық шығынды өтеді, - деді Астана қаласының прокуратурасы.

Үкім заңды күшіне енді.