Елорда жаңалықтары

Елордада мопед айдаған жасөспірімді көлік қағып кетті

Елордада Алматы мен Мәңгілік Ел даңғылынының қиылысында көлік мопед мінген баланы қағып кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«4 қарашада Алматы көшесі мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысындағы ЖКО салдарынан № 2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына 2011 жылы туған бала жеткізілді. Зардап шеккен адамның сол жағында жамбас сүйегі сынған. Ауруханада баланы мамандар қарады. Кейін  травматологиялық бөлімшеге жатқызылды», - деді Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Осы  жылдың 4 қарашасында  кәмелетке толмаған мопед жүргізушісінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға орнына барған  полиция жасағы бала Мәңгілік Ел  даңғылымен Керей-Жәнібек хандар көшесіне қарай жүріп келе жатып, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп, жүргізушісі қарсы бағытта маневр жасаған Hyundai көлігімен соқтығысқан. Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп жазылған Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.