Елордада 10 жылда 284 ескі үйдің тұрғындары жаңа пәтерге қоныстанды
Елімізде ескірген үйлер мен апатты жағдайдағы үйлер мәселесі әлі де өзекті. Бүгінде елордадағы қауіпті үйлердің саны азайып, қала көркін бұзып тұрған баспаналарға күрделі жөңдеу жүргізіліп келеді. Осы тақырыпқа қатысты Elorda.info тілшісі Астана қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Бейсен Усеновпен елордада тұрғын үй қорын жаңарту жобасы туралы сұрап білді.
Ең әуелі апаттты үйлер мен ескірген үйлердің ара-жігін ажыратып алайық. Мамандардың айтуынша, іргетасымен қабырғасы жарылып, адам тұруға жарамайтын үйлер апатты деп саналады. Ал «ескірген» деген анықтаманы үйдің 60-70 пайыз тозығы жетіп, алайда жөндеу жүргізіп, үнемі тиісті мамандар жүйелі бақылау жүргізіп тұратын, адам тұруға болатын үйлерді айтады.
Астанада апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзуды көздейтін тұрғын үй қорын жаңарту жобасы 10 жылдан бері іске асып келеді. Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Бейсен Усеновтің сөзінше, жоба басталғалы елордада 284 үйдің тұрғындары жаңа баспанаға қоныстандырылды.
Бейсен Усеновтің мәліметінше, бүгінде елордада 2023-2029 жылдар аралығында бұзылатын апатты үйлердің тізімі жасалған.
Сонымен қатар әңгіме барысында әкімдік өкілінен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру тәртібі туралы сұрастырдық. Оның айтуынша, бұл жағдайда бірінші кезекте тұрғын үйге мұқтаж болып танылып, есепте тұрған еліміздің азаматтары ескерліеді.
Басқарма басшысының орынбасары бұл тізімде мемлекеттiк қызметшiлерді, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiн, әскери қызметшiлерді, ғарышкерлікке кандидаттарды, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерін және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар бар екенін атап өтті.
Азаматтар тұрғын үй кезегіне тұрғаннан кейін мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алады. Қазіргі таңда, азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдаманың есебінен қолжетімді.
Әкімдік өкілінің сөзінше, көпбалалы отбасыларға, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға, кәмелетке толмаған балалары бар толық емес отбасыларға арналған төмен табыспен тұрғын үйді сатып алу мүмкіндіктері бар. Атап айтқанда, «Бақытты отбасы» бағыты бойынша «Отбасы банк» АҚ арқылы төмен пайызды несие беру көзделген. Бағыттың шарттары негізінде жылдық мөлшерлемесі - 2 пайыз, алғашқы жарнасы– 10 пайыз және несие 20 жылға дейін беріледі.
Сонымен қатар тұрғын үйі заңнамада белгіленген тәртіппен апатты деп танылған азаматтар «Шаңырақ» бағдарламасына қатыса алады.
Әкімдіктің кезегінде тұрған азаматтар бағдарламаға қатысу үшін құжаттарды қабылдау уақыты жарияланған кезде өтініштерін hcsbk.kz сайты арқылы электронды түрде бере алады. Жоғарыда аталған бағдарламалардың бірін пайдалану азаматтарға тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
-->Ең әуелі апаттты үйлер мен ескірген үйлердің ара-жігін ажыратып алайық. Мамандардың айтуынша, іргетасымен қабырғасы жарылып, адам тұруға жарамайтын үйлер апатты деп саналады. Ал «ескірген» деген анықтаманы үйдің 60-70 пайыз тозығы жетіп, алайда жөндеу жүргізіп, үнемі тиісті мамандар жүйелі бақылау жүргізіп тұратын, адам тұруға болатын үйлерді айтады.
Астанада апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзуды көздейтін тұрғын үй қорын жаңарту жобасы 10 жылдан бері іске асып келеді. Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Бейсен Усеновтің сөзінше, жоба басталғалы елордада 284 үйдің тұрғындары жаңа баспанаға қоныстандырылды.
Астана қаласындағы апатты (тозған) тұрғын үй қорын жаңарту жобасы тозығы жеткен тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу және одан заңнамада белгіленген тәртіппен азаматтарды көшіру арқылы қалалардың «ескі» аймақтарын кешенді реконструкциялауды көздейді. Негізінен 1940-1980 жылдар аралығында салынған құрылыс құрылымдары мен инженерлік жүйелерінің тозу пайызы жоғары үйлер бұзылуға жатады. Тұжырымдамаға сәйкес, тұрғын үй-жайлардың меншік иелеріне құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес, көлемі бірдей, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес жаңа пәтерлер беріледі. Биыл жылдың соңына дейін 43 пәтерлі 2 апатты үйдің тұрғындары жаңа пәтерлерге қоныстанады,- деді басқарма басшысының орынбасары.
Бейсен Усеновтің мәліметінше, бүгінде елордада 2023-2029 жылдар аралығында бұзылатын апатты үйлердің тізімі жасалған.
Тұрғын үйді қауіпті деп тану жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдерімен 2015 жылдан бері бұзуды қажет ететін 4710 пәтерлі 206 тұрғын үй қауіпті деп танылды. Осыған орай, қазір жергілікті атқарушы органның уәкілетті ұйымдарымен келісе отырып, 2023-2029 жылдарға бұзылатын апатты үйлердің тізімі жасалды,- дейді ол.
Сонымен қатар әңгіме барысында әкімдік өкілінен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру тәртібі туралы сұрастырдық. Оның айтуынша, бұл жағдайда бірінші кезекте тұрғын үйге мұқтаж болып танылып, есепте тұрған еліміздің азаматтары ескерліеді.
Бұл жағдайда алдымен санат бойынша есепке тұру қажет. Атап айтқанда, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне, жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасылар ескеріледі. Бұл жерде азаматтардың аталған санаттарының жиынтық орташа айлық кірісі де ескеріледі. Тұрғынжай беру туралы өтініш жасау алдындағы соңғы бір жылда отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болуға тиіс,- дейді Бейсен Усенов.
Басқарма басшысының орынбасары бұл тізімде мемлекеттiк қызметшiлерді, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiн, әскери қызметшiлерді, ғарышкерлікке кандидаттарды, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерін және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар бар екенін атап өтті.
Мұндай мүмкіндік жалғыз тұрғын үйі заңнамада белгіленген тәртіппен апаттық жағдайда деп танылған азаматтарға да беріледі. Азаматтарды республикалық маңызы бар қалаларда, елордада есепке қою үшін кемінде үш жыл тұрақты тұруы талап етіледі және соңғы бес жылда өтініш берушілердің атында жеке тұрғын үйі болмауы қажет. Осы баяндалғанның негізінде, көрсетілген талаптар орындалған жағдайда, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар тізіміне тұру үшін www.kezekte.kz порталы арқылы белгіленген құжаттардың тізімін тапсыруы керек,- дейді ол.
Азаматтар тұрғын үй кезегіне тұрғаннан кейін мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алады. Қазіргі таңда, азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдаманың есебінен қолжетімді.
Бұл тұжырымдама ең алдымен ел тұрғындарының түрлі топтарының тұрғын үй мәселелерін жан-жақты шешуге бағытталған. Әлеуметтік аз қамтылған топтағы жергілікті атқарушы органында коммуналдық тұрғын үй қорынан баспанаға кезекте тұрған есепке тұрғызылған күнін негізге ала отырып, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алу бағыты жүзеге асырылады. «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы арқылы берілген үй жекешелендіруге жатпайтындығы ескертіледі. Пәтер берілген жағдайда ұзарту құқығымен 5 жыл мерзімге жалға беру шарты жасалады. Тиісінше, әр 5 жыл сайын жалдау мерзімі жаңартылады. Бағдарлама талаптарына сәйкес іріктеу қатысушылар арасында кезекке қою күні бойынша жүзеге асырылады, яғни бұрын кезекке тұрған азаматтардың іріктеуден өту мүмкіндіктері көбірек. Тұрғын үйді бөлу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ азаматтарды хабардар етуді барынша қамту мақсатында барлық хабарламалар Тұрғын үй қорының интернет-ресурстарында (Zhilfond.kz) жарияланып отырады,- дейді Бейсен Усенов.
Әкімдік өкілінің сөзінше, көпбалалы отбасыларға, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға, кәмелетке толмаған балалары бар толық емес отбасыларға арналған төмен табыспен тұрғын үйді сатып алу мүмкіндіктері бар. Атап айтқанда, «Бақытты отбасы» бағыты бойынша «Отбасы банк» АҚ арқылы төмен пайызды несие беру көзделген. Бағыттың шарттары негізінде жылдық мөлшерлемесі - 2 пайыз, алғашқы жарнасы– 10 пайыз және несие 20 жылға дейін беріледі.
Сонымен қатар тұрғын үйі заңнамада белгіленген тәртіппен апатты деп танылған азаматтар «Шаңырақ» бағдарламасына қатыса алады.
Бұл бағдарлама 5 пайызбен, 20 жылға дейінгі мерзімге, кемінде 10 пайыз бастапқы жарнамен несие беруді көздейдіОсы жерде айта кетейін бағдарламалардың шарттарына сәйкес Астана қаласының әкімдігінен бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін 1,5 млн. теңге мөлшерінде өтеусіз негізде тұрғын үй сертификаты беріледі. Бастысы өтініш берушіде және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінде соңғы 6 айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда табыс көлемі заңнамада белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспау қажет,- дейді Бейсен Усенов.