Елорда жаңалықтары

Елордада 1 миллион жасыл желек отырғызуды жоспарлап отырмыз - Жеңіс Қасымбек

Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында жазды,деп хабарлады Elorda.info.

Шаһар әкімінің сөзінше, биыл жоспар бойынша қолданысқа берілетін тұрғын үй кешендерінің аумағын көгалдандыру жоспары қайта қаралған. Жеке құрылыс салушылардың мойнына жасыл желектер санын көбейту міндеті жүктелді.

IMG_2439.jpeg

IMG_2441.jpeg

-->

Бірінші кезең бойынша 100-ден астам тұрғын үй кешенін қамтимыз. Бұл жасыл желектер санын 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, құрылыс салушылар ТК аумағында 100 мыңнан астам жасыл желек отырғызатын болады. Құрылыс салушылардың алдында үйлерді сапалы күйде салып қана қоймай, тұрғын үй кешендерінің аумағын абаттандырумен, көгалдандырумен де айналысу міндеті тұр.   Жалпы, биыл қалада бір миллион жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер және т.б.) отырғызуды жоспарлап отырмыз. Оның 500 мыңы – қаланың жасыл белдеуі аумағында. Біз бұл деңгейді алдағы жылдары да сақтаймыз. Бұл Астананы бақша қаласына айналдыруға мүмкіндік береді. Ал басымдық жапырақты ағаштарға беріледі,-деп жазды елорда әкімі.

IMG_2441.jpeg