1 қарашадан бастап елордада экспресс-бағдарларда айлық тариф енгізіледі
Елордада 1 қарашадан бастап экспресс-бағдарларда айлық тариф енгізіледі. Оны 16 қазаннан бастап CTS кассалары және kaspi мобильді қосымшаларында сатып алуға болады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Экспресс-бағдарларға келесі айлық жол жүру тарифтері жарамды:
«Қала+Экспресс» - 10 000 тг.
«Қала+Экспресс+Қала маңы» - 13 500 тг.
«Жол жүру құны – 250 теңгені құрайды. Мектеп және жеңілдікті көлік карталары жарамды», - деп көрсетті CTS баспасөз қызметі.