Елорда жаңалықтары

Елорда орталығында «Таза Қазақстан» эмблемасының цифрлық бейнесі көрсетілді

«Таза Қазақстан» республикалық акциясының эмблемасы мен «Таза Астана» жазуы елордада орналасқан шолу дөңгелегінде жарияланды. 65 метрлік аттракционда жарияланған суреттер қаланың әр түкпірінен көрінеді және астаналықтар мен туристердің назарын өзіне еріксіз аударады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорданың басты туристік нысандарының бірінде эмблеманың проекциясы экологиялық акцияның маңыздылығының белгісіне айналды. Осы жылдың сәуір айында бастау алған «Таза Қазақстан» акциясы қаланың тазалығын сақтау үшін еріктілер мен белсенді азаматтардың басын қосты. Астананың жүздеген мың тұрғыны сенбіліктерге, рұқсат етілмеген қоқыстарды жоюға, өзендерді тазартуға, әлеуметтік бастамаларды іске асыруға және вандализмге қарсы науқандарға қатысты.

Осыған дейін бұл аттракционда Абайдың цифрлық портреті, қазақтың ою-өрнектері және басқа да бейнелер көрсетілді. Биіктігі 65 метрлік шолу дөңгелегі 53 мың пиксельмен жабдықталған, бұл оған әртүрлі визуалды элементтерді көрсетуге мүмкіндік береді.

-->