Елордада әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады
Астана қаласында 139 әлеуметтік нысан жылумен жабдықтау жүйесіне қосылды, деп хабарлады Elordainfo.kz
Қала әкімдігінің мәліметінше, елордада жылыту маусымы сыртқы ауаның белгіленген орташа тәуліктік температурасы +10°С және одан төмен болғанда бес тәулік ішінде басталады.
«Алайда, әлеуметтік нысандарды қосу олардың өтінімдері бойынша жылыту маусымы басталғанға дейін орындалады. Бүгінгі таңда орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне 139 әлеуметтік нысан қосылған», - деп жазылған әкімдік хабарламасында.