Елорда жаңалықтары

Елорда мектебінде оқушылар ұстаздарына ерекше алғыс білдірді

Алғыс айту күніне орай елордадағы «Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінде 250-ге жуық оқушы ұстаздарына ерекше алғыс білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мектеп қабырғасында түсірілген әсерлі бейнежазбада бастауыш сынып оқушылары музыка пәнінің мұғалімі Талғат Желдібаевтің «Алғыс айту» әнін шырқады.  

«Бүгін мектебімізде Алғыс айту күніне орай оқушыларымыз ұстаздарын қарсы алып, шынайы ризашылықтарын білдірді.  Бізге бейбіт өмір, тұрақтылық пен болашаққа нық қадам басу мүмкіндігін берген қасиетті жерімізге мың алғыс»,- деді мектеп директоры.