Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?
Астананың шет жағында қоныс тепкен тұрғын алаптарында ауыз су мен жылу және сапалы жолмен қамтамасыз ету мәселелері әлі де өзектілігін жойған жоқ. Дегенмен осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар нәтижесінде бүгінде олар қала орталығынан кем түспейтін жағдайға жетіп қалған. Бұл сөзімізге Көктал және Көктал-2 тұрғын алаптарының бүгінгі тіршілігі дәлел болмақ. Elorda.info тілшісі көкталдықтармен жүздесіп, елді мекеннің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
Аталған тұрғын алап бұл күнде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында даму үстінде екен.
Бүгінде Көктал тұрғын алабының жалпы аумағы 3 500 гектар. Тұрғындар саны 69 мыңнан асады. Екі елді мекеннің арасын әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиев даңғылы бөліп жатыр. Біз алдымен Көктал-1-ге бұрылып, әлеуметтік нысандарға қарай бет алдық. Жол бойынан қолында жетектеген немересі бар әжені байқап, әңгімеге тарттық. Қала тұрғынының есімі – Айжамал Ескенбай. Оның сөзінше, қазіргі Көктал бұрынғыға қарағанда әлдеқайда дамып, өмір сүруге қолайлы мекенге айналған.
Әрі қарай елді мекен туралы толық ақпарат білу үшін Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Ержан Жұмағұловпен кездестік. Ол бізге Көктал елді мекені жайлы егжей-тегжейлі ақпарат берді.
Оның сөзінше, Сарыарқа ауданы бойынша 4384 үй газдандырылған. Бүгінгі таңда қосымша 18 үйде монтаждау жұмысы жалғасып жатыр. Сонымен қатар 4862 тұрғын үй техникалық тексерістен өтіп, әрі қарай газ тарту жоспарланып отыр.
Әңгімелесу барысында әлеуметтік нысандар туралы сұрадық. Белгілі болғандай, бұл елді мекенде 11 білім беру нысаны бар. Оның 4-уі орта білімді мектеп және бір мектеп интернат орналасқан. Сондай-ақ 3 мемлекеттік және жекеменшік балабақша бар.
Байқағанымыздай, елді мекенде спорт және мәдениет нысандары да бар. Осыдан 2 жыл бұрын Көктал-2-де Дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Онда спорт үйірмелері ұйымдастырылып, қалалық жарыстар өтіп тұрады.
Елді мекен қала орталығынан алыс орналасқандықтан қоғамдық көліктердің қатынауы өте маңызды. Ержан Жұмағұловтың сөзінше, Көктал тұрғын алабы бойынша 15 автобус бағыты өтеді.
Қоғамдық көлік туралы әңгіме өрбігеннен кейін жылы аялдама туралы да сұрадық.
Елді мекенге қатысты толық мағлұмат алғаннан кейін Көктал ішін аралап көрдік. Тұрғын алапта жол да, жарық та бар. Әр үйге тартылған газ құбырын да байқадық. Аялдамаға жақындап, тағы бір тұрғынды әңгімеге тарттық. «Қала шеті болған соң, жедел жәрдемді көп күтесіз бе?» деген сауалымызға былай деп жауап берді.
Осылайша Көктал-1-ден шығып, жолдың арғы бетінде орналасқан Көктал-2-нің тыныс-тіршілігін білуге бет алдық. Байқағанымыздай, бұл елді мекенде жер үйге қарағанда көпқабатты үйлер көп. Автобустардың да жиі өтіп жатқанын көзіміз шалды. Бұл жақтағы тыныс-тіршілікті білу үшін саябақта серуендеп жүрген тұрғынмен тілдестік. Бір қызығы, біз танысқан Сайран Накупова ауданның белсенді тұрғыны екен.
Қала тіршілігінен алыс орналасқан елді мекеннің тұрғындары жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруде. Үкіметте 2021 жылы қабылданған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының Көктал елді мекенінде жүзеге асқаны көрініп ақ тұр.
Тұрғын алапта жүріп халықтың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, тең қолжетімділігін қамтамасыз ету қашан да жалғаса беретін жұмыс деген ой түйіндедік.
-->

2000 жылдардың басында көшіп келгенде Көкталдан үй алғанбыз. Ол кезде бұл маңайда жол жаман болған. Жаңбыр жауса аяқ киімнен түк қалмайтын. Балалар мектепке бару үшін аялдамаға дейін су етік киіп баратын еді. Осылай балаларды оқыттық қой. Қазір шүкір, жол да, жарық та бар. Автобустар да көбейді. Бұрынғыдай сағаттап автобус күтпейміз. Өз мектебіміз бен балабақшамыз бар. Қазір міне, немеремді мектепке апара жатырмын. Қала ортасына қарағанда тыныш, өмір сүруге өте қолайлы,- дейді Айжамал апа.
Әрі қарай елді мекен туралы толық ақпарат білу үшін Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Ержан Жұмағұловпен кездестік. Ол бізге Көктал елді мекені жайлы егжей-тегжейлі ақпарат берді.
Көктал - Сарыарқа ауданындағы ең тарихи тұрғын алап екені баршаға белгілі. Өздеріңіз білетіндей, ол бұрын Киров деп аталған. Қазір бұл елді мекенде инфрақұрылымдық барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, ауыз су, жарықтандыру, жылу, газ, кәріз жүйесі мен жол салынған. Дегенмен, Көктал-1-де әлі де асфальті жоқ көшелер бар. Бірақ, алдағы 1-2 жылда бұл мәселе толық шешіледі. Ал Көктал-2-де барлық жолдар толық жөңдеуден өткен. Сондай-ақ тұрғындар өтініші бойынша жаяу жүргінші жолын жасау және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп отырады. Көкталға газ 2020 жылы келді. Сол уақыттан бері тұрғындардың көбі үйлеріне газ тартып алды. Мемлекет тек жеке сектордың ауласына дейін ғана газ құбырын жүргізді, әрі қарай үй иесі қалауы мен қаржылық мүмкіндігіне қарай үйіне көгілдір отынды кіргізіп алады,- дейді Ержан Жұмағұлов.
Оның сөзінше, Сарыарқа ауданы бойынша 4384 үй газдандырылған. Бүгінгі таңда қосымша 18 үйде монтаждау жұмысы жалғасып жатыр. Сонымен қатар 4862 тұрғын үй техникалық тексерістен өтіп, әрі қарай газ тарту жоспарланып отыр.
Сарыарқа ауданында 3 тұрғын алабы бар. Көктал-1, Көктал-2 және Агроқалашық. Газдандыру жұмысы осы үш тұрғын алапта жүргізілді. 17 әлеуметтік нысан газға қосылды. Қазіргі таңда тұрғындардың 85 пайызы газға қол жеткізіп отыр. Былтыр Halyk bank демеушілігімен қалада 100 үйге тегін газ тартылды. Осы игі бастама аясында біздің аудандағы 68 үйге тегін көгілдір отын кіргізілді. Бұл жұмыстар осы айдың соңына дейін аяқталады. Газдан кейін жиі қойылатын сұрақтардың бірі-интернет. Бұл соңғы 8 жыл ішінде көтерілген үлкен мәселе. Бір кездері елорданың сәулеттік келбетін сақтау үшін сымдарды бағандар арқылы өткізуге тыйым салынған еді. Қазіргі таңда инвестор арқылы Көктал -2 бойынша толықтай интернет желісі тартылды. Бұл күнде Көктал-1 тұрғындары сапалы интернетпен 95 пайызға қамтылған. Инвестор тек интернет сымын тартады, әрі қарай тұрғындар өздері өтініш жазып, келісімшартқа отыру арқылы үйлеріне интернет орната алады,- дейді Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары.
Әңгімелесу барысында әлеуметтік нысандар туралы сұрадық. Белгілі болғандай, бұл елді мекенде 11 білім беру нысаны бар. Оның 4-уі орта білімді мектеп және бір мектеп интернат орналасқан. Сондай-ақ 3 мемлекеттік және жекеменшік балабақша бар.
Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» бағдарламасы негізінде 2 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Біреуі Бейбарыс Сұлтан көшесінде салынып жатса, екіншісі Көктал-2-де Наурыз көшесінде бой көтереді. Жоспар бойынша келесі жаңа оқу жылында аталған екі мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 2 жекеменшік емхана және «Үй жанындағы дәрігер» пункті бар. Қаладағы мемлекеттік №5-ші емхана да көкталдықтарға қызмет көрсетеді. Үлкен аурухана да салынып жатқанын айта кету керек,- дейді Ержан Жұмағұлов.
Байқағанымыздай, елді мекенде спорт және мәдениет нысандары да бар. Осыдан 2 жыл бұрын Көктал-2-де Дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Онда спорт үйірмелері ұйымдастырылып, қалалық жарыстар өтіп тұрады.
Елді мекен қала орталығынан алыс орналасқандықтан қоғамдық көліктердің қатынауы өте маңызды. Ержан Жұмағұловтың сөзінше, Көктал тұрғын алабы бойынша 15 автобус бағыты өтеді.
Қазіргі таңда қоғамдық көліктердің жетіспеушілігі мәселесі әлі де - өзекті. Тұрғындардың өтінішіне байланысты №2, 32,50-ші автобустардың бағыты ұзартылды. Жақында сол жағалауға қатынайтын тағы бір автобус қосылды. Көктал-1-де үлкен саябақ бар, ал Көктал-2-де спорт кешені бар. Бірақ Көктал-2 тұрғындары саябаққа тікелей бара алмаса, керісінше Көктал -1 тұрғындары спорт кешеніне бара алмайтын. Осы мәселені тұрғындармен бірлесе келісе отырып, жаңа №49 автобус бағыты қосылды. Енді тұрғындардың саябаққа және спорт кешеніне баруға мүмкіндігі бар. Елордаға жаңа автобустар келген сайын қосымша бағыттар ашылады, осылайша автобустардың санын арттыру жұмыстары жүргізіледі,-дейді ол.
Қоғамдық көлік туралы әңгіме өрбігеннен кейін жылы аялдама туралы да сұрадық.
Жыл сайын Сарыарқа ауданында 10 жылы аялдама қойылады. Былтыр оның 9-ы осы тұрғын алаптарға орнатылды. Жылы аялдаманы орнату кезінде елді мекендегі әлеуметтік нысандар ескеріледі. Осы уақытқа дейін мектеп және балабақша маңайына қойылды. Көкталдың өз ішінде «Нұрбесік» және «Жасыл ел» деп аталатын шағын тұрғын алаптар да бар. Онда қандастарымыз тұрады. Осы орайда, көкталдықтардың өтініші әрқашан ескерілетінін айта өткім келіп тұр. Мысалы, Көктал-1 тұрғындарының өтініші бойынша Көк-төбе көшесінде қоғамдық кеңістік ашылды. Ал Көктал-2-де «Қорғалжын» саябағы салынды. Кеңдала көшесінде жеті қабатты 2 үй бар. Ол жерге балалар ойын алаңы орнатылды. «Көктал» парк - оң жағалаудағы үлкен саябақтардың бірі. Оның аумағы - 15 гектар. Айдарлы көшесі мен «Наз-би» театры аумағында қоғамдық кеңістіктер ашылған,- дейді спикеріміз.
Елді мекенге қатысты толық мағлұмат алғаннан кейін Көктал ішін аралап көрдік. Тұрғын алапта жол да, жарық та бар. Әр үйге тартылған газ құбырын да байқадық. Аялдамаға жақындап, тағы бір тұрғынды әңгімеге тарттық. «Қала шеті болған соң, жедел жәрдемді көп күтесіз бе?» деген сауалымызға былай деп жауап берді.
Жедел жәрдемді көп күтпейміз, себебі емхана жақын. «Үй жанындағы дәрігер» пункті бар, бірақ тағы да осындай пунктер ашылғанын қалаймыз. Мұндай пункт халыққа ыңғайлы деп айтар едім. Балабақшаға бала сыймайтыны жасырын емес, бірақ тағы балабақша салынады деп естідік. Біздің әкімдік халықпен тығыз байланыста, қаланың шет жағында тұратын тұрғындарға әрқашан көңіл бөледі ,- дейді Көктал тұрғыны Айғаным Қуаныш.
Осылайша Көктал-1-ден шығып, жолдың арғы бетінде орналасқан Көктал-2-нің тыныс-тіршілігін білуге бет алдық. Байқағанымыздай, бұл елді мекенде жер үйге қарағанда көпқабатты үйлер көп. Автобустардың да жиі өтіп жатқанын көзіміз шалды. Бұл жақтағы тыныс-тіршілікті білу үшін саябақта серуендеп жүрген тұрғынмен тілдестік. Бір қызығы, біз танысқан Сайран Накупова ауданның белсенді тұрғыны екен.
1999 жылы елордаға көшіп келіп, осы жерден үй салдық. Бұрын бұл жақта жол болмайтын. Сол себепті автобус та қатынаймайтын. Содан 2012 жылдан бастап «Көкталды абаттандырамын» деп өзіме мақсат қойдым. Әрқашан басқа тұрғындармен бірлесіп, мәселерге қатысты өтініштер жазып жүрдік. Қазір жол, кәріз жүйесі, жарық мәселелері шешілді. Автобустар да қатынай бастады. Өтініш-тілектерімізге Сарыарқа ауданы әкімдігі үнемі жауап береді. 2020 жылы қалаға газ келді. Алғашқылардың бірі болып газды үйімізге тарттық. Спорт кешені мен театрымыз да бар. Бұрын көше қиылыстарында бағдаршам болмаған. Өзіңіз көріп тұрғандай, қазір әр көшеде бағдаршам мен жаяу жүргінші жолы бар. Қуантарлығы, бүгінді таңда аса маңызды проблема жоқ. Егер маған «Сізге қала ортасынан көпқабатты үйден пәтер берейік» десе де, мен бұл жерден көшпеймін. Өйткені бұл тұрғын алап - өте ыңғайлы. Сондай-ақ қалаға қарағанда ауасы таза,- дейді Сайран Накупова.