Елорда экономикасындағы ШОБ-тың үлесі 7,2 трлн теңгені құрады
Астанада 223 597 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Бұл туралы Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Жұмыспен қамтылған адамдардың саны 499 445, бұл қаланың экономикалық белсенді халқының 72,8%-ын құрайды.
Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік секторын дамыту үшін кедергілер азайтылып, мемлекеттік қолдау бағдарламалары жүйелі түрде іске асырылуда. Осы ретте кәсіпкерлік дамуда. Бұдан соңғы жылдардағы жұмыс істеп тұрғандардың 24,9%, ШОБ саласында жұмыспен қамтылғандар санының 13,2%-ға өсуінен оң серпін байқалады. Алдын ала деректер бойынша былтыр ШОБ-тың қала экономикасына қосқан үлесі 69,5% немесе 7,2 трлн теңгені құрады.
Атап айтқанда, бұл кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, кредиттерге ішінара кепілдік беру: 85% – жаңадан бастаушы субъектілер үшін, 50% – жұмыс істеп тұрғандар үшін. Мемлекет кәсіпкерлерге жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізуге көмектеседі, сондай-ақ жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар береді.
Айта кетейік, 2019-2022 жылдар аралығында 151 жоба қамтылған.
-->Жұмыспен қамтылған адамдардың саны 499 445, бұл қаланың экономикалық белсенді халқының 72,8%-ын құрайды.
Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік секторын дамыту үшін кедергілер азайтылып, мемлекеттік қолдау бағдарламалары жүйелі түрде іске асырылуда. Осы ретте кәсіпкерлік дамуда. Бұдан соңғы жылдардағы жұмыс істеп тұрғандардың 24,9%, ШОБ саласында жұмыспен қамтылғандар санының 13,2%-ға өсуінен оң серпін байқалады. Алдын ала деректер бойынша былтыр ШОБ-тың қала экономикасына қосқан үлесі 69,5% немесе 7,2 трлн теңгені құрады.
Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде 4 бағыт бойынша қолдау жүзеге асырылады, - деп атап өтті Қуаныш Сапаров.
Атап айтқанда, бұл кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, кредиттерге ішінара кепілдік беру: 85% – жаңадан бастаушы субъектілер үшін, 50% – жұмыс істеп тұрғандар үшін. Мемлекет кәсіпкерлерге жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізуге көмектеседі, сондай-ақ жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар береді.
«Даму» қорымен бірлесіп, «Астана бизнес» салалық шектеулерсіз жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын іске асырамыз. ШОБ бастауыш субъектілері үшін несие сомасы – 50 млн теңге, жұмыс істеп тұрғандары - 100 млн теңге сыйақы мөлшерлемесі - 7%, несиелеу мерзімі - 7 жылға дейін, осы жылға 1 млрд теңге бөлінген, - дейді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары.