Елорда жаңалықтары

Елорда базарында жалған ветеринарлық мөр басылған ет сатылған

Астана қаласының полиция қызметкерлері мен ІІМ криминалдық полиция департаменті елордалық базарлардың бірінде етті кедергісіз өткізу мақсатында жалған мөрді пайдалану фактісінің жолын кесті, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұсталған базар сатушысынан жеке тінту кезінде ауыл шаруашылығы жануарларының ветеринариялық бақылаудан өткенін көрсететін жалған мөр тәркіленді.

Оның Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің инспекциясына ешқандай қатысы жоқ және зертханалық зерттеулер жүргізілмегені анықталды.

Ұсталушы аталған мөрді бір айдан астам уақыт бойы қолданған.

Қазіргі уақытта Астана қаласы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына хабарламалар жіберілді, ет өнімдерін сату бойынша нарық қызметін тексеру бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

​Ұсталған тұлғаға және базар әкімшілігіне мал ұрлығына және ұрланған етті сатуға қатысы бар болуы мүмкіндігін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.