Елорда жаңалықтары

Елорда балабақшасында Наурызға орай мерекелік іс-шара өтті

Астананың “Мөлдір” балабақшасында мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің №71 “Мөлдір” балабақшасында Наурызнама 10 күндігі аясында “Ұлттық құндылық- ұлт болашағы” тақырыбында балабақша мен ата-аналардың бірлесуімен іс-шара ұйымдастырылып, қазақ халқының салт-дәстүрлері насихатталды.

Балалар ұлттық ойындар ойнап, ұлттық қолөнерді үйренді.