Елорда жаңалықтары

Елорда автобустарына кондукторлар қайта орала ма?

Бұл сұраққа Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ержан Диханбаев қоғамдық кеңес отырысында жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.

Астана әкімдігінде қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр. Күн тәртібі бойынша «Қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту, көше-жол желісін және тұрақ инфрақұрылымын дамыту жөніндегі атқарушы органдарының жұмысы» туралы аталған басқарма басшысының орынбасары өз баяндамасында айтты. 

Кеңесте қоғамдық көліктердегі жол ақысы мәселесі көтерілді. Елордада 100 жолаушының 51-і жолақысын төлемейді. 

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

-->

Бұл мәселе өте өзекті болып тұр. Жолақысын төлемегені үшін айыппұл көлемін арттыру қажет деп ойлаймын. Жолақысын ақшалай төлеген кезде кондукторлар қажет болды. Бірақ қазір барлығы онлайн жүйеде болғандықтан, кондуктор қызметін қайта енгізу қажеттілігі жоқ. Автобус парктері жолаушылардың төлемақысына орай мемлекеттен субсидия алады. Жолақысын төлемейтін «қояндардың» салдарынан олардың да бюджетіне әсер етіп жатыр. Парктер бізге де осы сұрақ бойынша жүгінді. Автобустың бірнеше жеріне жабыстырылған QR қағазы жолаушыларға тексеріс болмаған кезде жолақысын төлемеуге, ал тексеріс кірген жағдайда тезірек төлем жасауға мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан да ол парақтарды дұрыс орналастыру жағын ойластырып жатырмыз, - деді басқарма басшысының орынбасары Е.Диханбав.

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ