Елорда жаңалықтары

Байқоңыр ауданында 8 аула клубы жұмыс істейді

Бұл туралы Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Брифингте аудан әкімі соңғы 11 айда атқарылған жұмыстар туралы баяндап өтті.  

Ауданда 22 мыңнан астам зейнеткер, 573 тыл еңбеккері, 5591 мүмкіндігі шектеулі адам, 3963 көпбалалы отбасы, 1107 көпбалалы ана, 421 аз қамтылған отбасы тұрады.  Аға буынның бос уақытын ұйымдастыру үшін ауданда 3 шағын орталық орналасқан. Аудан халқын әлеуметтік қамтамасыз ету аясында жоспарлы жұмыс жалғасуда. Өткізілетін акциялар шеңберінде ауданның көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан 5500-ден астам бала түрлі іс-шаралар мен акцияларға қатысты. Онда оларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмек көрсетілді және жаңа жылдық сыйлықтар таратылды. Сондай-ақ, 421 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды,- деді Талғат Рахманберді.

Оның  сөзінше, ауданда 8 аула клубы жұмыс істейді.

Өскелең ұрпақ та назардан тыс қалмайды. Ауданда 8 аула клубы жұмыс істейді. Онда спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелер ұйымдастырылады,- деді аудан әкімі. 

Айта кетейік, биыл  аудан аумағында жалпы 10 мыңнан астам адамды қамтитын 120 мәдени-бұқаралық іс-шара өткен.