Елорда жаңалықтары

«Elorda Aqparat» ұжымы қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Бүгін Қазмедиа орталығында мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов  бұқаралық ақпарат құралдары күніне орай «Elorda Aqparat» ЖШС директоры Олжас Сыдықбекке «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Салтанатты іс-шараның ашылу рәсімінде сөз алған Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов барша журналист қауымын мерекемен құттықтап, БАҚ-тың мемлекет дамуындағы рөліне қысқаша тоқталып өтті.

«Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де күшті» деп Алаш арысы Міржақып Дулатов айтқандай, бұқаралық ақпарат құралдары – тек қана ақпаратты жеткізетін құрал емес, ең бастысы идео­логиямыздың өзегі. Халыққа қызмет ету – кәсіби ақпаратты дер кезін­де жеткізе білу. Сіздер күнделікті халықтың көкейкесті мәс­елелерін шешуде аянбай қызмет етіп келе жатырсыздар. Журналистердің материалдары арқы­лы тек қана қоғамдық-саяси, экономикалық өзгерумен қатар әр жеке адамның да өмірін өзгертіп немесе өмірін құтқарып жатқан жайттар бар. Сондықтан бү­гінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Әрқайсыңыздың ар­ттарыңызда тұтас ұжым тұр. Сіздер арқылы сол ұжымдарыңызды құттықтаймын», - деді вице-министр.

«Elorda Aqparat» құрамына кіретін «Вечерняя Астана» республикалық газетінің бас редакторы Лариса Увалиеваға  «Құрмет» ордені табысталды.

Елорданың басты үнжариясына айналған  «Астана ақшамы» газетінің шолушысы  Гүлмира Аймағанбет «Шапағат» ордені, фотографы Сұлтан Сейітов «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды.

«Осы басылымда 18 жылдан бері жұмыс істеймін. Биыл «Астана ақшамы» газеті 35 жылдық мерейтойын атап өтпек. Басылым елордадағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік және мәдени өмірдің айнасына айналып, мазмұн тереңдігімен, сараптамалық материалдарымен ерекшеленіп келеді.  Әріптестермен бірге еліміз бен бас қаламызға қатысты қоғамдық пікір тудыратын өзекті мәселелерді жиі көтереміз. Онымен қоса, газет оқырманға ой-салатын қысқа-нұсқа материалдар берумен ерекшеленеді. Күн сайын түрлі тақырыпқа қалам тербеп, халық игілігі үшін қызмет атқарып жатқан  әмбебап әріптестеріме шабыт пен шығармашылық мол табыстар тілеймін.  Кәсіби мерекеміз құтты болсын», - деді Гүлмира Аймағанбет.