«Elorda aqparat» медиахолдингінің бір топ қызметкері марапатталды (фото)
Бейбітшілік және келісім сарайында өткен «Astana Aqshamy» және «Вечерняя Астана» газеттерінің 35 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шарада Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова «Elorda aqparat» медиахолдингінің бір топ қызметкерін марапаттады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мерейтойларыңыз құтты болсын! Оқырманның ыстық ықыласына бөлене беріңіздер. Шығармашылық еңбектеріңізге шалқар шабыт, толағай табыс тілеймін», - деді Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова.
«Astana Aqshamy» газеті бас редакторының орынбасары Ғалым Қожабеков пен «Elorda Aqparat» ЖШС-нің фотокорреспонденті Василий Крась «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
«Аstana Aqshamy» газетінің шолушысы Айгүл Уайсова мен «Вечерняя Астана» газеті редакциясының шолушысы Юлия Мендецкаяға Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасы табыс етілді.
«Вечерняя Астана» газетінің шолушысы Максим Удод пен «Astana Aqshamy» газетінің корректоры Шынар Жакупова «Ақпарат саласының үздігі» белгісімен марапатталды.