Елорда жаңалықтары

Елордаға 30-ға жуық қысқы арнайы техника мен жабдық жеткізіледі

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

 

-->

 

Техниканың қысқы кезеңге дайындығын тексердім. Коммуналдық қызметтер паркін жаңарту бойынша тұрақты негізде жұмыс істейміз. Мәселен, алдағы айларда тағы 30-ға жуық қысқы арнайы техника мен жабдық жеткізіледі.

IMG_6491.jpeg

Коммуналдық қызметкерлер күндіз де, түнде де, кез келген ауа райында жұмыс істейді. Олардың қиын әрі жауапты жұмысының арқасында қаламызда тазалық пен тәртіп сақталады.

Коммуналдық қызметкерлерге сыйақы беріледі, сондай-ақ «Астана Тазалық» ЖШС олардың жалақысын көтеру мәселесін пысықтап жатыр.

Коммуналдық қызмет мамандарына еңбегі үшін алғыс білдіремін! Сіздердің жұмыс істеулеріңізге қолайлы жағдай жасауды ары қарай жалғастырамыз,- деп жазды қала әкімі.