Елорда жаңалықтары

Еліміздің күнтізбесі екі жаңа мерекемен толықты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 тамыздағы мереке күндерінің тізбесіне өзгерістер енгізу туралы қаулысы қабылданды, деп хабарлады Elordainfo.info.kz.

Қаулыға сәйкес мерекелер тізіміне келесі күндер кірді:

  • 2 ақпанда атап өтілетін Ұлттық баспа күні;
  • 1 қазанда атап өтілетін Радио күні.

Қаулы 2024 жылғы 21 тамызда күшіне енді.

Айта кетейік, бұған дейін 23 сәуірде Қазақстанда жаңа мереке – Ұлттық кітап күні атап өтілетінін хабарлаған едік.