Елімізде ең қымбат азық-түлік қай өңірде
Ұлттық статистика бюросы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бір аптадағы орташа бағаларын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оның тізіміне 19 түрлі тауар кіреді. Бұл баға өзгерісі туралы көрсеткіш апта сайын жаңартылып тұрады. Ел бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасын назарларыңызға ұсынамыз.
Бірінші сортты бидай ұны Астанада 285 теңгеден сатылды. Республика бойынша ең қымбаты Ақтауда екен. Оның бағасы – 308 теңге. Ал ең арзаны Қарағандыда. Мұнда бірінші сортты бидай ұны дүкендерде – 159 теңге.
Ал бірінші сортты бидай ұнынан пісірілген нанның ең қымбаты Жезқазған қаласында тіркелді. Мұнда дүкендерде ас атасы – 258 теңге. Ал ең арзаны қазіргі таңда – Петропавлда. Бас қалада нанның бағасы 166 теңгеден сатылды.
Макарон өнімдерінің (өлшеніп салынатын) ең қымбаты Атырауда болып тұр. Ол – 382 теңге. Ал ең арзаны – Петрапавлда. Мұнда рожкилер 254 теңге тұрды.
Ал өлшеніп салынатын күріштің бағасы бойынша Семей көш бастап тұр. Себебі мұнда күріштің бағасы 478 теңге. Ал ел бойынша ең арзан күріш – Қызылордада. Оның бағасы – 378 теңге.
Қарақұмық (өлшеніп салынатын) Астанада 181 теңгеден сатылды. Оның ең қымбаты Талдықорған мен Түркістанда тіркелді. Онда азық-түліктің бұл түрі 229 теңгеден сатылды. Ал ең арзаны Павлодарда. Оның бағасы – 155 теңге.
Күнбағыс майының ең қымбаты Қонаевта тіркелді. Оның бағасы 863 теңге болды. Ал ең арзаны – Қызылордада. Ол – 683 теңге.
Ал тұздалмаған сары май ел бойынша ең арзаны Көкшетауда сатылды. Оның бағасы – 3939 теңге. Ал ең қымбаты – Ақтауда. Бұл өңірдің тұрғындары дүкендерден оны 6177 теңгеден сатып алды.
Сиыр етінің әсіресе жауырын-төс бөлігінің келісін елордалықтар 3009 теңгеден сатып алды. Оның ең арзаны Түркістанда болды. Мұнда өңір кәсіпкерлері оны 2497 теңгеден сатылымға шығарды. Ал ең қымбаты Ақтауда тіркелді. Оның бағасы – 3110 теңге.
Ал тауық еті Семейде – арзан. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өңірде 1215 теңгеден сатылды. Ал ең қымбаты – Жезқазғанда. Аймақ тұрғындары еттің бұл түрін 1618 теңгеден сатып алды.
Ал майлылығы 2,5 пастерленген сүттің ең арзаны – Көкшетауда. Ол – 303 теңге. Ал ең қымбаты Алматы тіркелді. Ол дүкендерде 468 теңгеден сатылды. Ал ел ордасы Астанада оның бағасы – 412 теңге.
Соңғы 7 күнде айранның ең қымбаты Өскеменде, ең арзаны Талдықорғанда тіркелді. Бұл өңірлерде ол 505 және 358 теңгеден сатылды. Ал Астанада айранның бағасы – 449 теңге.
Сүзбе елордада 2539 теңгеден сатылды. Ел бойынша оның ең қымбаты Ақтауда, ал ең арзаны Петропавлда. Бұл өңірлерде тұрғындар сүзбені 2890 және 1622 теңгеден болды.
Ал көкөністердің ішінде картоптың бағасы Астанада 238 теңгеден болды. Ел бойынша оның ең қымбаты Жезқазғанда, ал ең арзаны Петропавлда сатылды. Бұл өңірлерде картоптың бағасы – 310 және 172 теңге.
Сәбіздің бағасы қыста қымбаттайтыны көпке мәлім. Көкөністің бұл түрі елордада 125 теңгеден болды. Ал оның ең қымбаты Жезқазғанда, ең арзаны Павлодарда. Өңірлерде сәбіз 197 және 99 теңгеден сатылды.
Пияздың ең арзаны Таразда, ең қымбаты Атырау мен Жезқазғанда сатылды. Бұл аймақтарда ол 103 және 171 теңгеден болды. Ал ең ордасы Астанада оның бағасы – 145 теңге.
Қырыққабаттың бағасы елордада – 207 теңге. Оның ең қымбаты Өскеменде, ең арзаны Түркістанда. Бұл аймақтарда ол 220 және 138 теңгеден сатылды.
Соңғы бір аптада құмшекер Астанада 397 теңгеден болды. Оның ең қымбаты Талдықорғанда, ең арзаны Оралда. Мұнда ол – 430 және 363 теңге.
Ал I санатты жұмыртқаның ең арзаны Петропавлда, ең қымбаты Астанада тіркелді. Мұнда ол 471 және 608 теңгеден сатылды.
Ал ас тұзы Астанада бағасы 89 теңгеден болды. Республика бойынша ең қымбаты Қарағандыда, ең арзаны Ақтөбеде тіркелді. Мұнда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бұл түрі 102 және 56 теңгеден сатылды.