Елорда жаңалықтары

Елімізде 2,4 млн тоннаға жуық астық бастырылды

Барлық өңірде егін жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

23 тамызда 1,3 млн гектарға жуық дәнді және бұршақты дақылдар жиналды, орташа өнімділігі 18,5 ц/га 2,4 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.

«Көкөніс дақылдары 51,9 мың гектардан жиналды, өнімділігі 248 ц/га 1,3 млн тоннаға жуық жиналды. Бақша дақылдары-82,7 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 249,3 ц / га жалпы алым 2 миллион тоннадан асты.Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың бірлік басқа техника қатысады» - деп жазылған хабарламада.

Қолда бар астық сақтау сыйымдылықтарының жалпы көлемі 30 млн тоннадан асады, бұл болашақ егіннің астығын және ауыспалы қорларды сақтау үшін жеткілікті. Оның ішінде 13,4 млн тонна - бұл 191 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорнының қуаты. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 16,6 млн тонна астық сақтау сыйымдылығы бар.

«Егін жинау науқанын сәтті өткізудің негізгі мәселесі – фермерлерді қаржымен қамтамасыз ету. Өткен жылдағыдай «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ желісі бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудың жалпы сомасы 140 млрд.теңгені құрады және 3,8 мың АШТӨ қаржыландырылды.   Азық-түлік корпорациясының ресурстарына астық жеткізудің қажетті көлеміне келісімшарт жасалды, ол үшін форвардтық сатып алу шеңберінде 40,0 млрд теңге бөлінді» - деп жазылған хабарламада.