«Ел жүрегі – Астана»: елордада бұқаралық жүгіру іс-шарасы ұйымдастырылды
Астана күніне арналған «Ел жүрегі – Астана» бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл жарыста ешкім жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ. Себебі, 1000-ға жуық қатысушының басын біріктіретін ортақ дүние — салауатты өмір салтын насихаттау.
Бүгінгі жүгіру жарысына қатысушылар Ботаникалық саябақта 1,3 және 4 шақырым қашықтықты еңсерді. Сондай-ақ, роликпен де 4 шақырымды жүріп өткендер болды.
Айта кетейік, Астана қаласы 2 аптадан кейін басталатын Париж Олимпиадасында12 спортшыны қосады. Сондықтан елордамыз тек еліміздің жай ғана астанасы емес, спорты дамыған мегаполис деуге әбден лайық.
Жарыс соңында барлық қатысушылар арасында лотерея ойнатылып, Winox спорт клубының сертификаттары табысталып, велосипед жеңімпаздары анықталды.
-->Бұл жарыста ешкім жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ. Себебі, 1000-ға жуық қатысушының басын біріктіретін ортақ дүние — салауатты өмір салтын насихаттау.
«Бұқаралық жарысты ұнататын басты себебім — менімен бірге жүгіретін адамдар мақтанқұмар, жағымпаз емес. Кез келгеніміз жарыстағы межемізге жету үшін маңдай терімізді төгеміз. Осындайда шынайы танысуға мүмкіндік аламыз. Себебі, жексенбінің таңында әр жан ұйқысын қиып, келе бермейді. Жарыста түрлі саланың адамдары кездеседі. Мұндай бейресми іс-шаралардағы таныстықтың тамыры да терең», — деді 32 жастағы Асылбек Мажитов атты қатысушы.
Бүгінгі жүгіру жарысына қатысушылар Ботаникалық саябақта 1,3 және 4 шақырым қашықтықты еңсерді. Сондай-ақ, роликпен де 4 шақырымды жүріп өткендер болды.
«Елордамызда ешкімге кедергі келтірмей, жүгіруге арналған саябақтарымыз жеткілікті. Соның бірі — Ботаникалық саябақ. Бүгін ешкімге жүлде берілмей, жеңімпаз анықталмаса да, жексенбінің таңымен таласа 1000-ға жуық спорт сүйер жан бас қосты. Бұл жүгірудің трендте екенін білдіреді. Ұйымдастырылып жатқан бұл жүгіру бәсекесі - алғашқы да, соңғы да емес. Әлі алда көптеген спорт сайыстарында басымызды қосуды жазсын», — деп пікірін білдірді жарыстың бас төрешісі Дәулет Хамзин.
Айта кетейік, Астана қаласы 2 аптадан кейін басталатын Париж Олимпиадасында12 спортшыны қосады. Сондықтан елордамыз тек еліміздің жай ғана астанасы емес, спорты дамыған мегаполис деуге әбден лайық.
«Ролик тебумен айналысқаныма 5-ші күн. Бір апта өтпесе де, бүгін ресми шараға қатыстым. 4 шақырымды құрайтын 1 айналымды 40 минутта бағындыру бақыты бұйырды. Әрине, 20 градуста жүріп өту оңайға соқпады. Бірақ барлық қиындық мәреге жеткен қатысушыларға естелік медаль берілгенде ұмытылды. Өйткені пәлендей жүлде күтпеген едім», — деп жарыстан алған көңіл күйімен бөлісті шайбалы хоккеймен айналысатын 8 жастағы Сева атты қатысушы.
Жарыс соңында барлық қатысушылар арасында лотерея ойнатылып, Winox спорт клубының сертификаттары табысталып, велосипед жеңімпаздары анықталды.