Елорда жаңалықтары

ЭКСПО аумағында бауырлас қалалар форумы делегацияларының басшылары ағаш отырғызды

-->

Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің instagram парақшасында ЭКСПО аумағында бауырлас қалалар форумы делегацияларының басшыларымен ағаш отырғызуға қатысқаны туралы жазба қалдырды, деп хабарлады Elorda.info

-Қаланы абаттандырумен бірге көгалдандыруға да ерекше көңіл бөлеміз. Биыл миллионға жуық жасыл желек отырғызуды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыспен қаланың барлық ауданы қамтылған, - деді Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек.