Елорда жаңалықтары

«e-Tutynushy» бірыңғай ақпараттық жүйесіне 89 мыңнан астам адам тіркелген

Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Астана қаласы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Ильясов айтты, деп хабарлады Elorda.info

Ғалымжан Ильясовтың сөзінше, елордада 27 сауда базары тіркелген, оның 18-і – әмбебап, 9-ы – мамандандырылған, жалпы сауда орындарының саны – 8 573. Базарлардың негізгі бөлігі Байқоңыр ауданында – 14, Сарыарқа ауданында – 8 және Алматы ауданында – 5 орналасқан. 

Ақпараттық жүйеде жұмыс істеу бойынша сауда базарының әкімшілігі  ақпараттық жүйе арқылы жасалған сауда объектілерін, сауда орындарын жалға беру (пайдалану) шарттарына сәйкес сауда базары субъектілері мен объектілерінің қызметін, құқық тәртібін және өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік емес ұйымдарға, ветеринариялық қадағалау, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау органдарына және басқаларға тұрақты пункттерді орналастыру үшін ақпараттық жүйе арқылы шарттық негізде қызметтік үй-жайлар беру жұмысын ұйымдастырады.

Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін бірінші рет ескерту, бір жыл ішінде қайталап бұзса жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.  

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап «бір терезе» қағидаты бойынша тұтынушылардың өтініштерін қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі – «e-Tutynushy» пайдалануға берілді. Жобаның мақсаты – тұтынушылардың бизнес өкілдеріне өтініштерін қабылдау, өтініштерді әртүрлі сатыларда шешу, сала және дау нысанасы бойынша тұтынушылардың шағымдарын қадағалау, аналитикалық деректерді қалыптастыру және мемлекеттік органдардың азаматтардың барлық салаларындағы проблемалық мәселелерін анықтау жүйесін құру.

2021 жылдың желтоқсан айында «e-Tutynushy» платформасы мен e-Otinish.kz интеграциясы жүзеге асырылды, сондықтан Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық органы және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне барлық сұраныстар e-Otinish.kz арқылы қабылданады. «e-Tutynushy» бірыңғай ақпараттық жүйеге қолжетімділік тұтынушыларға, бизнес субъектілеріне және қоғамдық тұтынушылар бірлестіктеріне берілген. 

Жыл басынан бастап департаментке тұтынушылар 3 862 өтінішпен жүгінді. EOtinish платформасы және электрондық үкімет порталы арқылы – 1 675 өтініш. 1 100-ге түсініктеме берілді, оның ішінде 194 өтініш құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органға жіберілді, 175 өтініш келесі айға ауыстырылды, 210 жағдайда тұтынушылардың мәселесі реттелді, тұтынушыларға ақшалай қаражатты қайтару сомасы – 105 млн теңгені құрады.

-->

«e-Tutynushy» бірыңғай ақпараттық жүйесіне 89 111 тұтынушы, 18 сотқа дейінгі реттеу субъектілері, 148 заңды тұлға және 676 кәсіпкер тіркелген. «e-Tutynushy» құру қажеттілігі оның әлеуметтік рөліне байланысты, өйткені тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың барлық шараларын бір жерде шоғырландыру тұтынушылардың оны тиімді қорғауға қатысты кез келген ақпаратқа жылдам және кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді, - деді Ғ.Ильясов.