Елорда жаңалықтары

Дженнифер Лопестің концертіне билет сататын сайт құлап қалды

Астанада 1 тамыз күні өтетін әлемдік әнші Дженнифер Лопестің концертіне билет сағат 11:00-де сатылымға шығуы керек еді. 

Қазақстанда алғаш рет өтетін концерттің билеттері www.ticketon.kz сайтында сатылымға шығуы керек болатын. Алайда сағат 11:00 болмай, сайт құлап қалған.

Олар билет сатып алатын нөмірлерді көрсетіп, техникалық себептерге байланысты сайт уақытша жұмыс істемейтінін жазған.

Концерт «Астана Арена» стадионында өтеді.