Елорда жаңалықтары

Dogs марафон: елордалық Триатлон саябағында иттер жарысы өтеді

17 тамызда Триатлон саябағында Dogs марафоны өтеді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа кез келген тұқымды иттер қатыса алады. Негізгі ереже бойынша итте қарғыбау, амортизациялы тартқыш және тұмылдырық болу қажет.

Жануарларға сыйлық ретінде YUKI-SAN тәттілер дайындалды.

Марафонға тіркелу 17 тамызда сағат 08:00-де ашылады, ал жарыстың өзі 09:00-де басталады.

Іс-шара Астана әкімдігінің қолдауымен және қазақстандық иттер спорт федерациясының елордалық филиалының қатысуымен ұйымдастырылады. 

Қосымша ақпарат: +7 700 543 8585, Әділ.