Депутаттар Ұлттық қорғаныс университетінің ғылыми қызметімен танысты

Ұлттық қорғаныс университеті стратегиялық, жедел-стратегиялық және жедел-тактикалық басқару буындарының әскери кадрларын даярлауды, оған қоса іргелі және қолданбалы әскери-ғылыми зерттеулерді жүзеге асырады.
ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, генерал-майор Асқар Мұстабековтің айтуынша, университет оқытушылық қызметтен басқа, өзін әскери-ғылыми эксперименттік зерттеулер орталығы ретінде танытып жүр.
Депутаттарды оқу үдерісінің жайы, еліміздегі әскери өнердің келешегі, қолда бар патенттелген өнертабысты шығару мүмкіндігі жайлы мәселелер қызықтырды.
Университет тыңдаушыларына қатысты әлеуметтік аспектілер де мәжілісмендердің назарынан тыс қалмады. Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан бұл сапар мақсаттарының бірі – заң шығарушы орган елдің әскери ғылым ордасына қалай көмектесе алатынын білу екенін атап өтті.
Депутаттар оқытушылар құрамының педагогикалық және ғылыми қызметімен танысты, одан өзге технологиялық әзірлемелер көрмесін тамашалады. Сонымен қатар қонақтар университет пен оның ғылыми әзірлемелері, оларды іске асыра алатын кәсіпорындар мен тапсырыс беруші ретінде әрекет ететін Қорғаныс министрлігі арасында байланыстың болуы маңызды деп атап өтті.
Сапар соңында Айгүл Құспан Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
-->Ұлттық қорғаныс университеті стратегиялық, жедел-стратегиялық және жедел-тактикалық басқару буындарының әскери кадрларын даярлауды, оған қоса іргелі және қолданбалы әскери-ғылыми зерттеулерді жүзеге асырады.
ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, генерал-майор Асқар Мұстабековтің айтуынша, университет оқытушылық қызметтен басқа, өзін әскери-ғылыми эксперименттік зерттеулер орталығы ретінде танытып жүр.
Сондықтан университетке Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің өкілдері келген күні жетістіктеріміздің көрме-тұсаукесері дайындалды, – деді генерал-майор Асқар Мұстабеков. – Мәжілісмендерге отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жетекші кәсіпорындарымен бірлесіп орындалған жұмыстар таныстырылды.
Депутаттарды оқу үдерісінің жайы, еліміздегі әскери өнердің келешегі, қолда бар патенттелген өнертабысты шығару мүмкіндігі жайлы мәселелер қызықтырды.
Университет тыңдаушыларына қатысты әлеуметтік аспектілер де мәжілісмендердің назарынан тыс қалмады. Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан бұл сапар мақсаттарының бірі – заң шығарушы орган елдің әскери ғылым ордасына қалай көмектесе алатынын білу екенін атап өтті.
Әрине, проблемалар бар және болашақта университетке көмектесу үшін көптеген сұрақтар қойдық, – деді Айгүл Құспан. – Заң шығару жұмысы барысында да, бюджетті әзірлеу кезінде де ҰҚУ ұжымымен тығыз жұмыс істейтін боламыз. Мұнда жоғары оқу орнымен өзара іс-қимыл жасайтын қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары өкілдерінің шақырылғаны да жай емес. Оларда қорғаныс тапсырысы саласында, атап айтқанда заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша бірқатар ұсыныстар бар.
Депутаттар оқытушылар құрамының педагогикалық және ғылыми қызметімен танысты, одан өзге технологиялық әзірлемелер көрмесін тамашалады. Сонымен қатар қонақтар университет пен оның ғылыми әзірлемелері, оларды іске асыра алатын кәсіпорындар мен тапсырыс беруші ретінде әрекет ететін Қорғаныс министрлігі арасында байланыстың болуы маңызды деп атап өтті.
Біз университеттің жұмысын жоғары бағалаймыз, ұжымның әлеуеті зор, ауқымды жоспарлары бар екенін де түсіндік, – деді Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы.