«Халық қатысатын бюджет» есебінен 49 аула абаттандырылады
Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов пен мәслихат депутаттары Мадина Ажикенова, Бекзат Жолжақсынов, Арсланбек Мағзұм демалатын орындар мен ойын алаңдарына барып, атқарылып жатқан жұмыстарды көзбен көрді, деп хабарлады Elorda.info.
Қ.Сәтбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер бульварын абаттандыру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстары толық біткен соң тұрғындар мен қонақтар Қ.Сәтпаев көшесінен Б.Момышұлы даңғылына дейінгі аралықта жаяу серуендей алатын болады.
Сонымен қатар депутаттар Қошқарбаев 26 мекенжайында орналасқан «Сказочный мир» тұрғын үй кешені ауласында атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимовтың айтуынша, биыл 5 жылға арналған қаланың көгалдандыру бағдарламасы бекітілетін болады.
-->

Аудан әкімі аппаратына тұрғындардан жазбаша және iKomek платформасы арқылы келіп түскен өтініштер бойынша тротуарлар салынып жатыр. Осы мақсатта Қазіргі кезде Тыныбаев, Дауылпаз, Қордай, Қалба, Жирентаева, Тәуелсіздік, Қошқарбаева және Қалдаяқова секілді 10 мекенжайда жұмыстар жүргізілді. Биыл 60-қа жуық ауланы абаттандыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 49 аула «Халық қатысатын бюджет» жобасы есебінен жүзеге асты. Бүгінгі күні 17 аулада абаттандыру жұмыстары толық аяқталды. Ал 11 аулада жұмыстар жалғасып жатыр, - деді Алматы ауданы әкімінің орынбасары Мухамедияр Қожекенов.
Сонымен қатар депутаттар Қошқарбаев 26 мекенжайында орналасқан «Сказочный мир» тұрғын үй кешені ауласында атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді.
Өзім сайланған №4 сайлау учаскесінде орналасқан «Сказочный мир» тұрғын үй кешенінің тұрғындары «Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысып, конкурстан өтіп, ауласына футбол және ойын алаңдарын ұтып алды. Мәселен, осы жобаға 61 тұрғын үй кешені өтініш беріп, оның 49-ы өтіп, түйіткілді мәселелері шешімін тапты. Бұл қаланың Алматы ауданында орналасқан. Балаларға бақытты шақ сыйлау – біздің басты міндетіміз, - деді мәслихат депутаты.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимовтың айтуынша, биыл 5 жылға арналған қаланың көгалдандыру бағдарламасы бекітілетін болады.
Биыл қалада қоғамдық кеңістіктер бойынша шағын саябақтар, демалатын орындарды көптеп салып жатырмыз. Бес ауданда 400 ауланы абаттандыру жүргізіліп жатыр. Бастысы атқарылып жатқан жұмыстар әуелі халықтың көңілінен шығу керек. Биыл 5 жылға арналған қаланың көгалдандыру бағдарламасы бекітілетін болады. Қазір ол Үкімет деңгейінде қаралып жатыр. Сондай-ақ бағдарлама қала әкімдігі мен мәслихаттың жеке бақылауында тұр, - деді Ерлан Каналимов.