Әдептілік пен жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі: Астанада Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті
Астана қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің ҚР мемлекеттік қызмет туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет туралы және Әдеп кодексінің талаптарын сақтауын қамтамасыз ету, олардың қызметтік тәртібін нығайту және азаматтардың мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін арттыру, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Осы мақсат аясында Кеңестің кезекті отырысы Астана қаласында өтті. Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасарына қатысты тәртіптік іс-қаралып, қызметтік әдеп нормаларының бұзылуы фактілері зерделенді. Кеңес мүшелері тарапынан мемлекеттік қызметшінің әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, тиісті шешім қабылдады.
Сонымен қатар отырыста Астана қаласының Әдеп жөніндегі уәкілі 2025 жылдың 1-тоқсан қортындысы бойынша Астана қаласы әкімінің Әдеп жөніндегі уәкілінің қызметтік әдеп талаптарының сақталуын мониторингілеу мен бақылауды жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша есеп берді. Мониторинг нәтижесінде анықталған мәселелер назарға алынып, болашақта оларды болдырмау мақсатында нақты ұсынымдар берілді.
Оған қоса, Кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру мақсатында берілетін сыйақылар тәжірибесіне жүргізілген талдаудың қорытындыларын талқылады. Бұл бағыттағы ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету үшін Астана қаласы мемлекеттік органдарына бірқатар ұсыныстар жолданды.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға әдептілік нормаларын сақтау, қызметтік тәртіпті күшейту және қызметшілер арасындағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған ұсынымдар беріліп, олардың орындалуы тиісті бақылауға алынатыны атап өтілді.