Елорда жаңалықтары

Демалыс күндері елордада СҚО-ның ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Астанада 19-20 қазан күндері Қарқаралы 1, тас жолы бойындағы «Қазанат» ипподромында Солтүстік Қазақстан облысының қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оған өңірдің үздік ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қатысады. 110-нан астам кәсіпорын өз өнімдерін ұсынады.

Жәрмеңкеде сапалы әрі экологиялық таза шұжық, кондитерлік өнімдер, жарма, сүт және сүт өнімдері, қымыз, ара шаруашылығы өнімдері, ұн, макарон, көкөністер мен картоп, жалпы көлемі 735 тоннадан асатын өнімдер ұсынылады.

Барлық өнім нарықтық бағадан 10-15% -ға төмен бағамен сатылатын болады.