Елорда жаңалықтары

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада қоғамдық көліктердің жүру бағыты өзгереді

Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына байланысты бірқатар автобустың жүру бағыты өзгереді, деп хабарлады Elordainfo.kz  Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарын Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетін орындарға қоғамдық көлікпен жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында № 18, 37, 303, 323 бағыттардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі. Өзгеріс 15 қыркүйек күнін қоса алғанда болады», - делінген хабарламада.

Осыған орай қала тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн.