«Children Paralympic Games 2025»: Елордада балаларға арналған инклюзивті спорттық фестиваль басталды
Елордада 26 маусым күні жыл сайын өтетін инклюзивті спорттық фестиваль – «Children Paralympic Games 2025» басталады, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
2025 жылдың 26-28 маусымы аралығында Астанада «CHILDREN PARALYMPIC GAMES 2025» инклюзивті спорттық фестивалі өтеді. Фестиваль «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасы аясында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен ұйымдастырылады.
Фестивальдің мақсаты – «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ бейімделген спорттық секцияларының тәрбиеленушілері – мүгедектігі бар балалар мен жастардың дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуға мотивациясын арттыру, әлеуметтік белсенділікті, сенімділік пен өзара құрметті нығайту, сондай-ақ мүгедектігі бар балалар мен олардың құрдастары арасындағы достық қарым-қатынастарды орнату мақсатында инклюзивті спорттық-мәдени іс-шараларды өткізу.
Фестивальге мүгедектігі бар 400-ге жуық спортшы қатысады. Олар – 20 қаладағы «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ спорттық секцияларының тәрбиеленушілері, аймақтық ашық іріктеу жарыстарының жеңімпаздары, 1-орын алған балалар мен жастар.
Фестиваль бағдарламасына «Инклюзивті хореография» үйірмесінің тәрбиеленушілері арасындағы би конкурсы мен 9 спорт түрі бойынша жарыстар кіреді:
• Адаптивті жүзу;
• Адаптивті каратэ;
• Адаптивті таэквондо;
• Адаптивті футбол;
• Бочча;
• Адаптивті жеңіл атлетика;
• ЦП футболы;
• Адаптивті пионербол;
• Настольный теннис.
Инклюзивті спорттық фестивальдің ашылу салтанаты 2025 жылдың 26 маусымында, сағат 10:00-де «Жастар» сарайында өтеді.