Ботаникалық бақта құстарға ұя жасау іс-шарасы өтеді
Елордадағы Ботаникалық бақта «Астана – үлкен ортақ үй» атты құс үйлерін құру іс-шарасы өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қалалық әкімдіктің ресми сайты сілтеме жасап.
Белгілі хоккейші, «Барыс» командасының шабуылшысы Роман Старченко осы іс-шараның арнайы қонағы болады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты мәлімдеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара қала тұрғындарын игі іске біріктіріп, Астананы адамдар үшін ғана емес, қанатты құстар үшін де жайлы мекен етудің жарқын үлгісі болмақ.
«Қаламызды мекен ететін құстар үшін жаңа құс үйлерін құру жобасына қатыса отырып, сіз елорданың экологиясын жақсартуға өз үлесіңізді қосасыз. Сондай-ақ құстарға арналған жайлы үйлер құру бойынша жұмыс атқарып, шығармашылық қабілетіңізді шыңдауға да мүмкіндік аласыз», - делінген хабарламада.
Іс-шара 21 тамыз күні Ботаникалық бақта сағат 15:00-де басталады.