Елорда жаңалықтары

Бос орындар жәрмеңкесінде 400-ден астам жұмыс орны ұсынылды

Астанадағы «Жастар» сарайында кезекті жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырған жәрмеңкеге 80-ге жуық жұмыс беруші қатысып, олар келушілерге 400-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. 

Мансап орталығының басшысы Бағила Орынбетованың сөзінше, жыл соңына дейін тағы 3 жәрмеңке өтеді.

Жыл басынан бері елордада барлық санаттағы жұмыссыз азаматтарға арналған 8 ірі бос орындар жәрмеңкесі өтті. Бүгін осындай ауқымда  соңғы рет өтіп тұр. Бірақ жоспар бойынша тағы 3 шағын бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады.  Өздеріңіз көріп отырғандай, бұл жерде әртүрлі сала қамтылған. Оның ішінде құрылыс, білім, қаржы және ірі мекемелер мен кәсіпорындар қатысып отыр,- дейді Бағила Орынбетова.

WhatsApp Image 2023-11-09 at 15.56.31.jpeg

Бос орындар жәрмеңкесі  Екі қолға бір күрек таппай жүргендерге жұмыс табуға мүмкіндік береді. Олар жұмыс берушілермен сөйлесіп, өз түйіндемелерін ұсынды.

WhatsApp Image 2023-11-09 at 15.56.35.jpeg

Осындай ірі қалалық жәрмеңкелер жұмыс іздеп жүргендерге үлкен көмек. Жұмыс берушілер де өздеріне қажетті маманды тез табады. Бүгін өзім «Менеджмент, Бизнес және Білім колледжі» атынан келіп отырмын. Кадр бөлімінің басшысымын. Біздің колледжге экономика және қазақ тілі мұғалімдері қажет. Талабымыз екі тілде, яғни қазақша және орысша сабақ өткізе алатын болуы тиіс. Жоғары білімді және еңбек өтілі болған абзал. Жәрмеңке соңына дейін  жұмыс іздеп жүрген жандармен сөйлесіп, түйіндеме қабылдайтын боламыз,- дейді  «Менеджмент, Бизнес және Білім колледжі» кадр бөлімінің басшысы Қызғалдақ Айтимова. 

WhatsApp Image 2023-11-09 at 15.56.23.jpeg

Сондай-ақ, жәрмеңке барысында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс», «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалар кәсіптік оқыту және «enbek.kz» порталымен жұмыс істеу бойынша кеңес беру бойынша Мансап орталықтарының мамандарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.