Боччадан ел чемпионатында кімдер топ жарды?
Бүгін боччадан 2-ші мәрте Астана қаласында өткізілген ел біріншілігі өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info.
Боччадан ел чемпионатына еліміздің 12 аймағынан 47 спортшы қатысып, ВС1, ВС2, ВС3, ВС4 санаттары бойынша 4 медаль жиынтығын сарапқа салды.
ВС 1 санаты бойынша әйелдер арасында чемпиондық атақты Алматы қаласынан келген Алина Карамышеваға бұйырса, 2-орынды Жаңаөзен қаласының тұрғыны Айдана Амангелді, 3-орын Қарағанды қаласынан Анастасия Кутурман иеленді.
ВС 1 санаты бойынша ерлер арасында чемпиондық атақты елордалық Мейірбек Оразбек, 2-орынды Павлодар қаласынан Виктор Кожевников, 3-орынды Жамбыл облысынан Андрей Тошнади алды.
ВС 2 санаты бойынша әйелдер арасында чемпиондық атақты елордалық Итиана Шингисханова, 2-орынды Ақтөбе қаласынан Альмира Асанғали, 3-орынды Павлодар қаласынан Даяна Нұрғазина алды.
ВС 2 санаты бойынша ерлер арасында чемпиондық атақты Талдықорған қаласынан Қуаныш Асқарбеков, 2-орынды Павлодар қаласынан Александр Курмантаев, 3-орынды тағы бір Павлодар тумасы Андрей Готфрид иеленді.
ВС 3 санаты бойынша әйелдер арасында чемпиондық атақты Қарағанды қаласынан Аружан Жеңіс, 2-орынды Атырау қаласынан келген Жанерке Кенжебекке бұйырды.
ВС 3 санаты бойынша ерлер арасында чемпиондық атақты елордалық Темірлан Алтынсары, 2-орынды тағы бір Астана тұрғыны Нұралы Шманов, 3-орынды Шымкент қаласынан қатысқан Ілияс Бармешов Ильяс алды.
ВС 4 санаты бойынша әйелдер арасында жүзуден ең алғашқы жазғы Паралимпиада жеңімпазы, Жамбыл облысынан Зүлфия Габидуллинаға қарсылас болмады.
ВС 4 санаты бойынша ерлер арасында чемпиондық атақты Ақсу қаласынан Асыл Амиров, 2-орынды Алматы қаласынан Азамат Аязбаев, 3-орынды Семей қаласынан Кенжеқан Баймұратов алды.
Ел біріншілігінің жүлдегерлерін боччадан Қазақстан федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев пен Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов марапаттады.
Біріншілік жеңімпаздары ұлттық құрамаға қабылданып, челлендж, Паралимпиада, Азия Паралимпиадалық ойындары сияқты халықаралық додаларда ел намысын қорғайды.
-->